«QOSALQA» AGENTTYGI
Біз туралы

«QOSALQA» агенттігі - балалар мен жасөспірімдерге арналған

медиа контент өндірумен айналысатын агенттік.

QOSALQA-ның «қос перзенті», «қос қазынасы», «қос алқасы» –

«Сәлем, әлем!» телеарнасы мен «SEN» журналы.

Агенттіктің басты мақсаты – еліміздегі балаларға пайдалы, қызықты,

нағыз көмекші болатын жобаларды өндіру арқылы өскелең ұрпақ бойына

дәстүрлі моральдық және адамгершілік құндылықтарды,

Отанға деген сүйіспеншілікті сіңіру, қазақ тілін насихаттау.

«СӘЛЕМ, ӘЛЕМ!» ТЕЛЕАРНАСЫ

«Сәлем, әлем!» телеарнасы – мектеп жасындағы балалардың
сан түрлі сұрақтарына жауап іздейтін үлкен зертхана.

6 мен 16 жас аралығындағы аудиторияны қамтитын
«Сәлем, әлем!» телеарнасы танымдық, интеллектуалдық, ойын-сауық, отбасылық,
спорттық, мәдени бағдарламаларды қазақ және орыс тілдерінде шығарып, таратады.

Кәсіби педагогтар, психологтар, филологтар мен басқа да түрлі маман иелерінің қатысуымен жасалған арна мазмұны баланың көңілін аулап қана қоймай,
таным көкжиегін де кеңейтуге бағытталған.

Жаңа телеарнаның балаларға тарту етер тағы бір сыйы – ол көгілдір экран арқылы республикаға танымал болу мүмкіндігі. Тележұлдыз болу түк те қиын емес.
Бұл мүмкіндік кез келген балада бар. Телеарнаға келіп, кастингтен өткен балалардың әрбірі журналистік қабілетін ұштай алады. Бүгінге дейін біздің бағдарламаларды Астана мен Алматы мектептерінен іріктеліп алынған талантты, дарынды, алғыр деген оқушылар жүргізіп келеді.

«Сәлем, әлем!» телеарнасының жобаларына қатысатын балалар телевизиядағы тәжірибесімен қатар, өзара тіл табысып, достар тауып, ортақ қауымдастық құрып жатады. Бұл да телеарна арқылы балалар қол жеткізіп жатқан үлкен игілік деп білеміз.

«Сәлем, әлем!» телеарнасының жүргізішілері
  • АҚАН САМАЛ

    “SALEM, ALEM!” телеарнасы

    “ҚЫЗДАРДЫҢ БӨЛМЕСІ”

    бағдарламасының жүргізушісі

  • ӨТЕГЕН ӘДІЛСҰЛТАН

    “SALEM, ALEM!” телеарнасы

    “ТЕХНОЛОГИЯ ТЫЛСЫМЫ”

    бағдарламасының жүргізушісі

  • САҒЫНДЫҚ МАЛИКА

    “SALEM, ALEM!” телеарнасы

    “КІШКЕНТАЙ КИНОМАН”

    бағдарламасының жүргізушісі

  • ӘСЕТ ИБРАГИМ

    “SALEM, ALEM!” телеарнасы

    “XXI ҒАСЫРДЫҢ ТАНЫМАЛ ТҰЛҒАЛАРЫ”

    бағдарламасының жүргізушісі

  • НҰРАЛЫ АЯЛА

    “SALEM, ALEM!” телеарнасы

    “ҚАНАТТЫ ДОСТАР

    бағдарламасының жүргізушісі

  • АБАЙХАН ОЛЖАС

    “SALEM, ALEM!” телеарнасы

    “ДЖУНГЛИГЕ САЯХАТ”

    бағдарламасының жүргізушісі

«SEN» ЖУРНАЛЫ

«SEN» ЖУРНАЛЫ

«SEN» журналы - мектеп жасындағы балаларды әдебиет, өнер, тарих, спорт, технология, экономика, астрономия секілді жан-жақты салалардан хабардар қылатынэксклюзив контенттің қойнауы іспеттес.

Журналдағы жиырмадан астам айдары аясында түрлі тақырыптар қамтылып, балалар мен жасөспірімдердің білімін толықтыра түседі. Мәселен, «Дәстүрді дәріптейік» айдары балалар ортасында орындалатын ғұрыптарды түсіндірсе, «Не оқып жүрсің?» айдары отандық және шетелдік балалар әдебиетінің жауһарларымен таныстырады. Сондай-ақ таңдай қақтырарлық ғылыми жаңалықтар жайында «Ғажап ғылым», алпауыт брендтердің тарихы туралы «Brand-баян», терең мәні бар өнегелі аңыз-әңгімелер айтылатын «Ел аузынан» атты айдарлар бар. Мұнымен қоса, әр салада жетістікке жеткен ұл-қыздарды үлгі ете отырып, олардың тәжірибесін сіздерге жеткіземіз.

Еліміздегі кез келген бала шығармашылығын шыңдап, тырнақалды туындыларын бөліскісі келсе, ішкі ой-пікірін айналасы естігенін қаласа, журналға хат жолдай алады. Білімді, ойы жүйрік, санасы тұнық оқырманның қатарына СЕН де қосыл!

Сен жаңа дәуірдің жасампаз ұрпағысың!
Сен өз ортаңда көшбасшысың!
Сен күні ертең жаһанды жалт қаратар үлкен потенциал иесісің!
Бастысы, осының бәріне сен!
Бойыңдағы қабілетке сен!
Қайталанбас дара талантыңа сен!
Саған біз сенеміз, елің сенеді, әлем сенеді!

Жаңалықтар

«Сәлем, әлем!»
телеарнасының
тұсаукесер рәсімі
2023 жылғы 26 тамыз күні «QazExpoCongress» компаниясына тиесілі Конгесс орталығында балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық «Сәлем, әлем!» телеарнасының тұсаукесер рәсімі өтті.
«Сәлем, әлем!» телеарнасы
1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік концерт.
  • Бізбен байланыс
    Телефон: 8-707-474-51-03
    Email: qosalqa@mail.ru

Made on
Tilda